Египет халқы Ніл өзенінің уақыт өткен сайын тартылуынан қауіптенуде, деп жазады Independent.
Қазір өркениет көші саналған үлкен өзен бойында мысырлықтардың 95%-ы өмір сүреді. Жыл санап Мысыр халқы көбею үстінде, ал өзен суы азайып барады.
Нілдің үлкен қарқынмен құрғауы мен орталықтандырылған су жүйесінің болмауы себепті тұрғындар өз күштерімен құдық қазып көруде. Алайда, олардың айтуынша, бұл ауыз суға жарамай отыр. Сонымен қатар су тапшылығы егістік алқаптарына да айтарлықтай зиянын тигізіп отыр.


02 Сәуір 2026
14 Шавваль 1447

