Түркияда орын алған әскери төңкеріс әрекеті салдарынан республикада 130 бұқаралық ақпарат құралының қызметіне тыйым салынды.
Бұл қатарда үш ақпарат агенттігі, 15 журнал, 16 телеарна, 23 радиостанса, 29 баспа және 45 газет бар. Сонымен қатар, 47 оппозициялық журналист қамауға алынған.
Отставкаға жіберілген әскерилер саны қазіргі уақытта 1600 адамды құрайды.
Бұл шаралар ел аумағында 20 шілде күні енгізілген төтенже жағдай режимі аясында атқарылып отыр.


15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

