Қытайдың ең үлкен мешітіндегі мерекелік намаз. (ВИДЕО)

Қытайдың ең үлкен мешітіндегі мерекелік намаз. (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қытайдағы ең үлкен мешіт Қашқарда орналасқан. VIII ғасырда негізі қаланып, 1442 жылы қайта салынған Ид Ках мешіті (кей деректерде «Айтига» деп көрсетіледі) қаланың басты көркіне айналды. Қашқар әміршісі Абах Қожа мен оның немере қызы Іләрхан атындағы мавзолейіне діни мерекелер мен жұма күндері жамағат көптеп ағылады.

Қашқар қаласының ескі аудандарын аралаған кезде көне дәуірге түскендей күйде боласыз. Көне ғимараттар орналасқан бұл аудандардың жасы шамамен 500 мың жыл. Ескі аудандарды аралап, жаңа аудандарға табан тіреген кезде қаланың заманауи бағытта дамып келе жатқандығын аңғаруға болады.

Қала тұрғындарының 90%-ы ұйғыр ұлтының өкілдері. Халық мұсылман дінін ұстанады. Қалада бірқатар мешіттер бой көтерген. Қашқар жерінің табиғаты өте жайлы. Сондықтан болар, халық саудамен қатар, ауыл шаруашылығымен айналысады. Бау-бақша, мақта-мата мен астық өнімдері үлкен сұранысқа ие. Қала шетінде жез-мыс өндіру кен орны бар.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: