Алты айдан соң Алжирде әлем бойынша үшінші үлкен мешіт ашылады. Аталмыш құлшылық үйі Мекке мен Мәдинадағы қасиетті қос мешіттен кейінгі орында тұр.
"Джамаа аль-Джазаир" деп аталатын мешіт Алжир астанасының шығыс аймағын ерекше әрге бөлемек. Мешіттің үлкен залында бір уақытта 120 мың адам құлшылық ете алады. Ғибадатхана ғимаратына 300 метр биіктіктегі мұнара орнатылуда.
Кешенді территорияда Құран үйі, Ислам мәдениеті орталығы, кітапхана, Ислам өнері мен тарихы музейі, Алжир тарихын зерттеу орталығы, конференц-зал, көрме орталықтары, бақ және көлік тұрақтары қамтылады, деп хабарлайды ТАСС.
Қазіргі уақытта мешіт құрылысының 82%-ы аяқталған. Жоба жоспарына сәйкес, алғашқы азан 2017 жылдың көктемінде айтылады.