Алла Тағала байлықты сүйген де, сүймеген де құлына береді. Ал иманды тек сүйген құлына ғана береді. Егер сіз исламнан бақыт тауып, парыздарыңызды түгелдеп жүрсеңіз – өз бойымда Алла сүйген құлдың бір сипаты бар деп есептей беріңіз.
Алланың сүйіктісі болған құл ізгі амал үстінде жан тапсырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер Құдіретті Аллам бір құлына жақсылықты қаласа, оны адамдар арасында мақтау сөздермен естетіп қояды. «Оның бұлай естетілу себебі неде?» деп сұраған адамға: «Алла оған өлер алдында бір ізгі амалды нәсіп етеді. Оның жанын сол амал үстінде алады» деп айтқан.
Сүю, сүйікті болу бақытын, бұл сезімдердің ұлы жемісін әрбір адамға тілегіміз келеді.
hibatulla.kz


15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

