Адам жер бетінде Жұмақтың ғажайыптарын көре алмайды, Тозақтың мекендеушілерінің зарлы дауыстарын ести алмайды.
Алайда, олардың бар екендігінің дәлелі – Құранда жазылған айқын аяттар болып табылады. Алла Тағала айтты:
«Ендеше, отыны адамдармен тастардан болатын, кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар! (Әй, Мұхаммед) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар». (Бақара, 24-25)
Шынайы мұсылман бұл екеуінің бар екеніне мойынұсынады. Тамұқта даярланған азаптан құтылып, Жәннаттың мұсылмандар үшін әзірленген бақтарына жету үшін амал етеді.
hibatulla.kz


14 Қаңтар 2026
25 Раджаб 1447

