Аллаға деген махаббат әрбір жүректе... (ВИДЕО)

Аллаға деген махаббат әрбір жүректе... (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Мұсылман баласы Алла мен Оның елшісін, Оған иман еткен құлдарды және де Алла сүйгенді сүюі қажет. Махаббат – әлемдегі ең қуатты күш!

Көптеген хадистер иманның ләззатын татуға себеп болатын махаббаттың маңыздылығын көрсетеді. Алланы жақсы көрмеу – жақсылықта болмау деген сөз. Жаратушыны сүймеу – құтылудан үміттің жоқтығы деген сөз. Мұсылманның әулиелігі Аллаға деген махаббатының қаншалықты дәрежеде болғандығына байланысты. Жаратушыны барынша жақсы көрген сайын өміріміз ізгілікке толы болады.
Жаратушыға деген махаббат - жүрек пен жан азығы әрі көздің нұры! Махаббатсыз өмір көмескі тартады. Ұлы Жаратушы Құранда имансыздарды былай деп сипаттаған:

أَمْوَاتٌ غَيْرُ أَحْيَاءٍ وَمَا يَشْعُرُونَ أَيَّانَ يُبْعَثُونَ

«Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді»
 (Нахл сүресі, 21 аят)

Махаббат – рухтың сенімі, рухтың амалы, рух дәрежесі, рухтың халі. Егер махаббат болмаса, сенім де, амал да дәрежелер де жансыз денеге ұқсап қалады!

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: