ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «НҰРСҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «НҰРСҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы  «Нұрсұлтан» мешітінде «Намаз – ұлы ғибадат» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Асыл дінімізде құлшылықтың ең абзалы және де діннің тірегі деп саналатын ғибадат – намаз. Алла Тағала қасиетті Құранда өзінің мүмин, тақуа құлдарын: «Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады», – деп сипаттаған («Бақара» сүресі, 3-аят).

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намаз діннің тірегі. Кім оны тұрғызса, дінді тұрғызғаны», – деген.

Бұдан өзге хадистерде намаз «Мүминнің миғражы», «Жұмақтың кілті», «Көзімнің нұры» деп түрлі атаулармен атаған. Бұның барлығы намаз оқудың қаншалықты маңызды екендігінің көрінісі.

Бұқар жырау бабамыздың «Бесінші тілек тілеңіз, бес уақытта бес намаз, бірі қаза болмасқа» деп айтуы намаз оқудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.














ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: