Қасиетті Рамазан айы - күллі мұсылман баласының алтын діңгегі, Алланың кәламы, шарапатты Құран Кәрім түскен ай. Алла Тағала "Бақара" сүресінің 185-аятында, әуелі, Құран туралы сүйіншілейді: "Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді..." Сосын барып Рамазан туған бойда ораза ұстау жөнінде бұйырады. Міне, осыған байланысты, ғалымдар бұл айда әрбір мұсылман Құран Кәріммен дос болуды айрықша тапсырады.
hibatulla.kz


02 Сәуір 2026
14 Шавваль 1447

