Рамазан — барша игiлiктiң бастауы (ВИДЕО)

Рамазан — барша игiлiктiң бастауы (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан - ерекше ай. Бұл айда жасалған ғибадат, құлшылықтарға Алла тағала еселеп сауаптар жазады. Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадис-шәріпінде: «Рамазан айында бір жақсы іс жасаған адамға Алла тағала басқа айларда  парыз істі орындағанның сауабын  береді. Ал парызды орындағанға басқа айларда жетпіс парыздың сауабын жазады»,- дейді.

Демек, бұл айда жай садақа жасаған кісі басқа айда зекет бергендей сауап алады, ал бес парыздың бірі - зекетті осы айда өтесе, жетпіс рет зекет жасағанның сауабын алады. Сондай-ақ, нәпіл, тарауих намазға жығылса, басқа айда парыз намаз оқығанның сауабындай сауап-қа кенеледі, ал парыз намазын оқыса, басқа айда жетпіс парыз намазын оқығанмен тең сауап жазылады. Сол себепті, бұл айды әдеттегіден де имандылыққа барынша ден қойып, маңызды өткізген жөн. Исі мұсылман рамазан айында ораза ұстайды, ауыз аштырады, тігінен-тік тұрып тарауих және Құран хатымға қатысады, пітір-садақаларын береді, тақуа болады, рухани байи түседі.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: