Дағыстан азаматы Біләл Абдулхалықов Біріккен араб әмірлігінде өткен Халықаралық Құран оқу конкурсында Сауд Арабиясы өкілінен кейін әлемнің үздік екінші орнына ие болды.
«Біләлдің жеңісі Ресейдегі Құран оқуға дайындау мектептерінің үздік көрсеткіші екеніндігіне күмән келтірмейді» делінген Ресей мүфтилер кеңесі мәлімдемесінде.
Айта кету керек, Біләл Абдулхалықов бұған дейін де осы санаттағы конкурстарда марапатқа ие болған. Мәселен, 2015 жылы ол Бахрейнде өткен Халықаралық конкурста жеңімпаз атанды.