7 жастағы бала имам-хатыб атанды (Видео)

7 жастағы бала имам-хатыб атанды (Видео)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

7 жастағы Иса әл-Шәріп – Иорданияда ғана емес, сонымен қатар, әлемдегі ең жас имам. Десе де оның бұл жас шамасы мешітте жұма намазын өткізуіне кедергі емес. Дінтанушылар мен ислам ғалымдары, соның ішінде Иорданиядағы ислам  университетінде шариғаттан дәріс беретін доктор Хайдар Мұрат оның уағызына оңды пікір білдіруде, ең бастысы – баланың қабілеті бар, жамағатты ұйыта алады.

Бала имам тек өз ауданындағы мешітте ғана емес, сонымен қатар, өзге қалалардағы мешіттерде уағыз айтып жүр. Әкесінің айтуынша, баласы қасиетті Рамазан айы бойы жамағатқа намаз оқытады әрі жұма сайын уағыз айтады. Бала имам болашақта кардиолог дәрігер болғысы келеді.

 
islam.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: