Сауд Арабиясында бірден 9 қытайлық Исламды қабылдады. Имам Уалид Аджаджи мешіт маңынан картон жәшіктерде ұйықтап жатқан қытай жұмысшыларын байқаған. Мұсылман оларға азық-түлік және су апарып берген. Имам шетелдіктердің үйіне қайтулары үшін көмектесіп, қытай елшілігімен байланысқан.
Қытайлықтар 9 ай жұмыс істеген екен. Бірақ оларға жұмыс орны ақшасын төлемеген. Сол себепті түксіз қалып, мұсылмандар жайлы жаман ойда қалған екен. Бірақ имамның бұл әрекетінен соң олар көзқарастарын өзгертіп, исламды қабылдап, керемет дініміз исламды өз елімізге ала кетеміз дейді.
hibatulla.kz