500 арақ дүкені жабылды

500 арақ дүкені жабылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тамилнад штатында бес жүзден аса алкогольді өнім сататын дүкеннің есігіне құлып салынды. Үндістан билігі осылайша штатта үдеген зорлық-зомбылық деңгейін түсіруді көздейді.

Алкогольді өнім дүкендерін жабу – бұл алкогольге тыйым салу бағдарламасының ауқымды бағдарламасының бір сатысы. Жабылудан аман қалған дүкендер үшін жұмыс уақыты едәуір қысқаратын болады.

Дегенмен арақ-шарап дүкендерін жабу бағдарламасына үнді қоғамы тарапынан қарсылық та аз емес. Сарапшылардың ойынша, тұрғындар алкогольді сатып алғысы келсе көршілес штаттарға да барады.

Кей мамандар ресми түрде арақ-шарап өнімдеріне тыйым күшіне енген жағдайда, елде заңсыз алкоголь өндірушілер көбейіп, мұның салдары өлімге алып келуі де мүмкін деп санайды.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: