«Оның бойы орташа: ұзын да емес, қысқа да емес. Оның беті қызғылт-ақ, көздері — қою, шашы — қалың, жалтыраған, өте әдемі болған. Беті сақалмен көмкерілген. Ұзын шашы иығына дейін жеткен. Және түсі қара болған… Оның жүрісінің нақты болғаны соншалық, әр адымдағыны сайын жерден шығып бара жатқандай көрінетін, сонымен қоса оның қозғалысының жеңіл болғаны соншалық, құдды бір жерге аяғы тимегендей көрінетін. Алайда оның жүрісінде сол заманның мықтыларына лайық тәкәппарлық болмаған.
Оның жүзінде көз тайдыра алмастай мейірімділік болған. Ашыққандар оған бір қарағанда, тамақты сол мезетте ұмытып кететін. Қайғырушылар оның қасында, оның жұмсақ бет әлпетіне және дауысына тамсанып, қайғы-қасіреттерін ұмытатын. Оны көргендердің барлығы, ешқашан бұрын-соңды ондай әңгімелесуі сонша ұнамды адамды кезіктірмегендіктерін айтқан. Ол қыр мұрынды, сирек тісті болған. Анда-санда оның шашы еркін төмен түсіп түратын, кейде ол шашын үш немесе төрт байламға байлап қоятын. Іс жүзінде оның 62 жасында бірде-бір ақ шашы болмаған…».
hibatulla.kz