«Халал Даму»: Жоспарлы айлық аудит жұмыстары жүргізілді

«Халал Даму»: Жоспарлы айлық аудит жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Халал Даму» мамандарының Абай облысына жасаған іс-сапары аясында өңірдегі сертификатталған кәсіпорындарда жоспарлы айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы және жауапты мамандар Ардақ Меллетұлы мен технолог Данияр Бақзейнелұлы қатысты.

Аудит жұмыстарының мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін бақылау, өндірістік үдерістердің талапқа сай жүргізілуін қамтамасыз ету және өнім сапасын арттыру.

Іс-сапар барысында мамандар «Arai East Food» шұжық цехы мен «Восток Бройлера» ЖШС-не қарасты «Ардагер» құс фабрикасында аудит жұмыстарын жүргізді. Тексеру кезінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, шикізат сапасы, технологиялық үдерістердің орындалуы және өндірістегі құрал-жабдықтардың жағдайы жан-жақты сараланды.

Тексеріс нәтижесінде кәсіпорындардағы санитарлық тазалық деңгейінің жоғары екені, өндірісте қолданылатын техникалық құрал-жабдықтардың сапасы талапқа сай екені анықталды. Сонымен қатар кәсіпорындардың бекітілген халал стандарттарын толық сақтап отырғаны белгілі болды.

Осыған байланысты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы өңірдегі кәсіпорындардың халал талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарайтынын атап өтіп, өндірістегі тәртіп пен тазалық, технологиялық үдерістердің дұрыс ұйымдастырылуы сапалы әрі сенімді өнімнің кепілі екенін жеткізді.



 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: