Рамазан айында Ингушетияның барлық мемлекеттік мекемелерінде жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылды. Тиісті қаулыны республика басшысы Жүнісбек Евкуров қабылдаған.
Аталмыш құжатта сауда-саттық дүкендерінің жұмыс уақыты 23 сағатқа созылатыны да айтылған. Ал федералды жол бойында жолаушылар мен жүргізушілерге арнайы ауызашарлар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, Рамазан айында республика бойынша өте төмен бағада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі.
Сонымен қатар, осы айда Ингушетияда коммуналды қызмет жұмысы тәуліктік режимге көшеді.


14 Қаңтар 2026
25 Раджаб 1447

