Рамазан әні интернетті жаулады (ВИДЕО)

Рамазан әні интернетті жаулады (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ниеттес» қайырымдылық қоры Рамазан айына арналған балалар бейнебаянын тарту етті. Бейнеролик қордың YouTube каналында жарияланды.

Айта кету керек, бейнебаянға әртүрлі конфессия өкілдері – мұсылман, христиан мен иудейлер қатысты.

«Түсірілімге Ольга Шибалованың жетекшілігіндегі №1296 білім орталығының балалар ұжымы қатысты. Сондай-ақ, «Мәдина» білім орталығында араб тілін оқушы балалар мен олардың сүйікті ұстазы Әбдулмәлік Закиров атсалысты» делінген қор хабарламасында.

Роликтің басты идеясы Рамазан айымен келетін мерекелік көңіл-күй, ізгілік, жақсылық атаулы ұғымды, өзара түсіністік үлгілерін көрсетуді көздейді.

Клиптың музыкалық сүйемелдеуіне британдық нашид орындаушы Зейн Бикхтың орындауындағы «Months In Islam» композициясы алынған.

Қор өкілдерінің айтуынша, авторлық құқықтың сақталуы үшін олар әншінің өзіне хабарласып, келісімін алған. Ал сөзін қор қызметкерлері өздері жазып шыққан. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: