Kinder компаниясы ерекше жарнамалық акция ұйымдастырды. Компания әдеттегі ашық сары шашты неміс баласының орнына сириялық босқын балалардың суреттерін орналастырды.
Тағаттылық пен төзімділік таныту мақсатында ұйымдастырылған акцияға әлеуметтік желілерде қарсылық көрсетуші топтар да пайда болды. Мәселен, «Пегида» антиисламдық қозғалысы компания басшылығынан бұл бастамадан бас тартуын талап етіп, тұтынушыларды «улап» жатқанын мәлімдеді.
Ал өндіруші компания өз кезегінде «қандай да бір ксенофобиялық әрекеттер мен қысым жасаудан» алыс екендіктерін айтып, исламофобшылардың ұсыныстарын кері қайтарды.
E-ISLAM