Индонезиялық Бандунг қаласының мұсылмандары кезекті намазын енді қайда оқимын деп қам жемейтін болды. Жергілікті діни ұйымның қолдауымен қалада мобильді мешіт пайда болды. Мұнда ерлер де, әйелдер де намаз оқи алады және дәріс тыңдауларына да жағдай жасалған.
Басқа мобильді мешіттерге қарағандағы айырмашылығы - мұнда жылжымалы жиһаз бар. Әйелдердің намаз оқуына арналған жабық орын жасалған және аудиосистема орнатылған.
hibatulla.kz