Танымал испан киім ретейлері Манго Рамазан айына арналған киім коллекциясын шығаруға ниетті. Мұсылман киімдері мамыр айының соңында сатылымға шықпақ.
Аталмыш коллекция күнделікті киілетін киімдерден тұрмақ. Атап айтқанда, күртешелер, жейделер, юбкалар және көйлектер.
Сату көлемін ұлғайту үшін компания мұндай қадам жасауға шешім қабылдады деп хабарланды. Бұрын ислами киімдерді танымал британдық бренд Uniqlo шығарып бастаған.
Сонымен қатар мұсылманша киімдерді шығаруға басқа да брендтер қызығушылық танытты. Мысалы, Dolce & Gabbana хиджаб және абая топтамасын шығарды.
hibatulla.kz