Канн кинофестивалінің тоғыз марапатының екеуі Иран республикасының қоржынына түсті.
Ең үздік сценарий марапаты ирандық режиссер әрі сценарист Азхар Фархадиге бұйырды. Ол биылғы фестивальге «Коммивояжер» туындысын ұсынды.
Ал үздік ер адам тұлғасы марапаты осы психологиялық драманың басты рөлін сомдаған Шахаб Хоссейниге берілді.
Азхар Фархади – кинорежиссер, сценарист және продюсер. Ол «Алтын аю», «Алтын шар» секілді беделді марапат иегері. Сонымен қатар, «BAFTA» марапатына үміткер. Фархадидің «Надер мен Симиннің ажырасуы» фильмі 2011 жылы америкалық кинокомедияда «Шет тіліндегі үздік фильм» ретінде танылды («Оскар» марапаты).
e-islam