ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінін сан ғасырдан бері рухани тірегі еткен хал­­­­қымыз қайырымдылық істерді ерекше ыжда­ғат­ты­лықпен, ықыласпен, барын салып, беріле атқарған. Қа­мық­­қанға қамқор, жабырқаған жанға демеу болу – қа­нымызға сіңген қасиеттердің бірі. Сондықтан болар, ха­лық арасында шүлен тарату, сыбаға, егіннен – кеусен, асар­лату, немеурін, тамыздық, жылу жинау, ерулік пен қо­нақ асын беру сынды қайырымдылық істер күнделікті өмір тіршілігімізде көрініс тауып, дәстүрімізге айналған.

Халқымыз «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ би­ден без» дейді. Расында, қайырымдылық жасау әр адам­ның қолынан келе бермейтін іс. Жомарт болу – өзің­де барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу деген сөз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі белсенді еріктілермен кездесуде: «Шын мә­нін­де жаны таза адам ғана волонтер бола алады. Ерік­тілер – өзгенің мәселесін өз ісіндей көретін жүрегі кең, ние­ті дұрыс жандар. Біздің еліміз дәл осындай аза­мат­тардан кенде емес», – деген болатын. Аллаға шүкір, біз­дің қоғамда қайырымдылық, адамгершілік қа­сиет­терді ту етіп, өзгелерге жанашырлық пейілдерін таны­тып жүретін жандар аз емес. 

Асыл дінімізде Алланың мейіріміне бөлейтін, оған жа­қындататын ізгі амал көп. Соның бірі – қайырым­ды­лық жасау. Өзгелерге жақсылық жасау жолында өмір сүр­ген пенде қос дүниенің бақытына бөленеді. Жара­ту­шы Иеміз қасиетті Құранда: «Сендер игілік жолында не сарп етсеңдер де, Алла оның орнын толтырады. Ол ри­зық берушілердің ең қайырлысы» («Сәбә» сүресі, 39-аят) деп мұсылманды ізгі істер жолында мал жұмсауға құлшындырған. Өмірін, тіршілігін, құлшылығын, мал-мүлкін жақсылыққа арнаған адам ешқашан молшылық пен берекеден кенде болмайды.
Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген за­тты садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі бол­майды. Не берілсе де ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. «Оң қолың бергенді сол қолың көр­ме­сін» деген хадиске сәйкес берілген садақа мен жа­сал­ған жақсылықты жасырын жасау – ең абзал амал. Алла бер­ген нығметті Алла жолында жұмсау – сауапты амал. Шек­сіз нығмет иесі болған Алла мақлұқаттың таби­ға­тын­­да өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жа­рат­­қан. 

Жасалатын жақсылық істің садақа болуы үшін діни тұр­ғыдан үш ерекшелікке ие болуы ке­рек: мұқтаж жанға беру; Алла разылығы үшін беру; беріл­ген садақа өз мүлкінен, адал табысынан болуға тиіс. Әлемдегі барлық жаратылыс адамзаттың игілігіне беріл­генімен, бүкіл жаратылыстың шын мәніндегі иесі – Алла. Алла бізге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкір­ші­лік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілігі ретінде белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керек екенін ескертеді. Бұл туралы Құранда Алла Тағала былай дейді: «Олардың мал­дарында қайыршының және (сұрауға намысы жі­бер­меген) жарлының да ақысы бар» («Зарият» сүресі, 19-аят).

Пенде мұқтажға садақа берумен сауапқа кенеледі әрі мүлкінен ештеңе кемімейді. Керісінше, Алла оның мүл­кіне береке береді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алла­ның салауаты мен сәлемі болсын): «Садақа мал-дү­ниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда, ол садақа сұраушының қолына жет­пес­тен бұрын Аллаға берілгендей болады» деген.
Қайырымдылық жасау жай ғана сауапты амал емес, оның тағы бір ерекшелігі – Алланың ашуын басады. Әбу Һурай­радан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаят бойын­ша Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сә­лемі болсын) былай дейді: «Садақа Раббының ашуын ба­са­ды және жаман өлімді қайтарады».

Хазіреті Әнәс (Алла оған разы болсын) Алла елші­сі­нің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бы­лай деп айтқанын жеткізеді: «Алла жерді жаратқан соң жер сілкіне бастады. Осыдан кейін таулармен оны берік етті. Сосын жер қимылдамады.

Періштелер таулардың қуаттылығына таңырқап:
– Уа, Раббымыз! Таулардан да күшті бір зат жараттың ба? – деді. Алла:
– Иә, темірді жараттым, – деді. Періштелер:
– Темірден де күшті бір нәрсе жараттың ба? – деді. Алла Тағала:
– Иә, отты жараттым, – деді. Періштелер:
– Оттан да күшті бір нәрсе жараттың ба? – деп сұ­ра­­ды. Алла Тағала:
– Иә, суды жараттым, – деді. Періштелер:
– Судан да күшті нәрсе жараттың ба? – деп тағы сұра­ды. Алла Тағала:
– Иә, желді жараттым, – деді. Періштелер:
– Желден де күшті нәрсе жараттың ба? – деп сұрады. Алла Тағала:
– Иә, адам баласын жараттым. Егер ол оң қолымен са­дақа беріп, оны сол қолы көрмейтіндей жасырса (ол одан да күшті), – деді. 

Бірде Фатима (Алла оған разы болсын) анамыз көңіл­сіз, ас ішуге деген тәбеті болмай отырған сә­тін­де хазреті Әли (Алла оған разы болсын) бөлмесіне кіріп келеді. Сөйтіп, жарына: «Уа, Фатима! Тәтті заттан не жегің келеді?» – деп сұрайды. Сонда Фатима анамыз: «Уа, Әли, анар жегім келеді», – деді. Хазреті Әли ақшасы бол­мағанымен сыртқа шығып, ойланып, қарыз алады да, базарға барып бір анар сатып алады. Үйіне келе жа­тып, жолда науқастанған кәрі кісіні көреді. Әли оған жа­қындап: «Не қалайсыз?» – деп сұрайды. Ол адам: «Уа, Әли! Бес күн болды, осында тастап кетті. Адамдар өтіп кетіп жатыр. Ешкім маған қол ұшын берейін демейді. Анар жегім келіп тұр», – дейді. Хазреті Әли  сәл ойла­нып: «Егер қолымдағы анарды мына қарияға берсем, Фа­тима анарсыз қалады. Ал егер бермесем, Алла Таға­ла­ның мына аяты бар: «Тіленшіге зекіме» («Духа» сүресі, 10-аят) және Пайғамбарымыздың «Сұраушыны бос қай­тармаңдар» деген сөзіне қарсы келген болам» деп, анар­ды әлгі қарияға береді. 

Хазреті Әли Фатима анамыздан ұялып, үйіне келеді. Фа­тима анамыз Әлиді орнынан тұрып қарсы алады. Әли болған оқиғаны айтып бергенде Фатима анамыз: «Уа, Әли, сен уайымдама. Аллаға ант етемін, сен сол қария­ға анарды берген кезде, анарға деген тәбетім ба­сылды», – дейді. Хазреті Әли осы сөзді естіген соң көңілі жай табады. Көп уақыт өтпестен есік қағылады. Хазреті Әли есік қағып тұрғанның кім екенін сұрағанда, Салман Фари­си  екенін айтады. Есікті ашып, ішке кіргізеді. Оның қолында беті орамалмен жабылған табақ бар еді. Ол табақты Әлидің алдына қояды. Хазреті Әли: «Бұны кім беріп жіберді?», – деп сұрайды. Салман: «Бұны Алла Пай­ғамбарына жіберген. Пайғамбар саған жолдады», – дейді. Әли әкелгенің маған болса, 10 болар еді. Өйткені Алла Тағала: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады деген», – дейді. Салман күлімсіреп, жасырып қой­ған бір анарды шығарып, табаққа қояды: «Уа, Әли! Аллаға ант етейін, анар саны он еді. Бірақ мен сені сы­найын деп біреуін жасырып қойып едім», – дейді. 

Асыл дінімізде «исар» деген ұғым бар. Исар – жо­март­тықтың шыңы. Өйткені мұсылман баласы өзі мұқ­таж бола тұра өзгеге көмектесіп, исар жасайды. Исар­дың рухани сыйлығы да пенденің жанқиярлығына қарай болады. Алла Тағала Меккелік мүһәжирлермен мүмкіндіктерін бөлісіп, олардың қажеттіліктерін өз қажеттіліктерінен жоғары санаған Әнсарларды былай мақтайды: «...өздері мұқтаждық тартса да, оларды өз нәпсілерінен артық көреді (исар жасайды). Кімде-кім нәп­сінің сараңдығынан сақ болса, міне, солар – кұтыл­ғандар» («Хашр» сүресі 9-аят).

Мына өмірде әр адам өзінің жақсы көрген нәрсе­сі­мен сыналады. Алайда мұсылман үшін Алланың разы­лы­ғы барлық нәрседен жоғары тұруға тиіс. Алла Тағала Құранда: «Сүйген нәрселеріңді (Алла жолында) жұм­са­майын­ша (садақа бермейінше), тақуалыққа (жақ­сылық­қа) қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да, Алла оны сөзсіз біліп тұрады» («Әли-Ғимран» сүресі, 92-аят) дей­ді.

Алла жолында жақсы көрген нәрсемізді жұмсасақ, Хақ Тағала бізді бір сынақтан құтқарады. Алла жолында берілген садақа пенденің қате-кемшіліктері мен кү­нә­сінің кешірілуіне себепші болады. Әз Пайғамбар айт­қан­дай, су отты қалай сөндіретін болса, садақа да кү­нә­­­ларды солай өшіреді. Садақа беру адамдар арасында мейірімділік, қайырымдылық, сүйіспеншілік сынды ізгі қасиеттерді арттырады.

 Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМБД Төрағасы, Бас муфти

Түркістан газеті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: