Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазын алдын Әдептілік-көркем сипат туралы жамағатқа уағыз айтылды.
Мешіт имамы Сейтқазы Әбдірұлы Рамазан айына берілген тапсырма бойынша «Отыз күнге отыз уағыз» аясында- Адамның сыртқы келбеті қаншалықты сұлу болғанымен, оның шынайы болмысы мен ішкі руханияты тек әдептілік арқылы ғана көрініс табады. Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің жиынтығы әрі рухани кемелдіктің айқын белгісі. Ол жай ғана қоғамдық ережелерді сақтау емес, ол – өзгелерге деген терең құрмет, кішіпейілділік және парасаттылық.
«Әдепті дегенше, әдемі десеңші» деп халық даналығы бекер айтпаса керек. Себебі бойына ізгілікті сіңірген жанның сөзі – шипа, ісі – өнеге, ал болмысы айналасына нұр шашып тұратын көркем сипатқа ие болады,-деп тарауық намазы алдын әсерлі уағыз айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



14 Наурыз 2026
25 Рамадан 1447

