Жуалы ауданы, Қарабастау ауылдық мешітінің асханасында қасиетті Рамазан айында ауызашарға келген көпшілік жамағатқа атақты қолбасшы Қанжығалы Бөгенбай батырдың ерлігі дәріптелді.
«Билікөл» мешітінің имамы Қуаныш орынбасарұлы жамағатқа - Бөгенбай батырдың ерлігі – өткінші даңқ емес, ұрпаққа үлгі болар елдік сабақ. Оның батылдығы мен қолбасшылық кемеңгерлігі, халқына деген жанқиярлық қызметі ғасырлар өтсе де көмескі тартпай, бүгінгі буынға да: «Елді сүю – иманнан», – деген терең мағыналы үндеу болып жетіп отыр.
Қазақ халқының ерлікке толы тарихында Бөгенбай батыр есімі ерекше құрметпен аталады. Ол жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте батырлығымен де, шешендігімен де ел есінде қалды. Халықтың азаттығы үшін күрескен баһадүрдің айтқан нақыл сөздері ұрпаққа рух береді, елдік пен ерліктің символына айналды. Оның даналығы мен өмірлік ұстанымдары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. «Қара халық қамы үшін қылыш сермедім бе?» – деген, Бөгенбай батыр өзінің бар ғұмырын ел қорғанына арнағанын аңғартады,- деп отансүйгіштік ерлігін баяндап берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

