Жуалы ауданы, Шақпақата ауылдық «Шақпақата» мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынща насихат айтылды.
Мешіт молдасы Пернебек Көпбосынұлы жамағатқа Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы нығметтерінің бірі – тіл. Халқымызда тілдің қасиеттілігіне қатысты көптеген ұлағатты, даналық сөздердің айтылуы да бекер емес. Адам баласының тіл арқылы иманға келіп, мұсылман болса, тіл арқылы діннен шығуы да оп-оңай. Тіл – адамның ойын, сезімін басқаға жеткізуші құрал. Қуантатын да тіл, жылататын да тіл. Тілді еркіне жіберсе, арты орны толмас өкінішке апаратын да кездері болады, – деп айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

