Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынша насихат айтылды.
Мешіт молдасы Қанатбай Режепбайұлы жамағатқа- Халқымызда «Айтылған сөз атылған оқ» демекші айтқан сөзіңізді қайтарып ала алмайсыз. Отыз тістен шыққан сөз отыз елге әп-сәтте-ақ тарап кетеді. Сол себепті тілін құрықтай білген, оған иелік еткен адам бұл өмірдің ұятынан, ақыреттің азабынан құтылары хақ. Тілдің қызметін орынды қолданудың бір жолы өзіне қатысты болған істе сөз қозғау. Өйткені тілін өзіне қатысы жоқ іске араластыру күнәға батып, соған уақытын кетіргені үшін ысырапқорлардың қатарына енуі мүмкін,-деп айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

