Жуалы ауданы, Қарабастау ауылдық «Билікөл» мешітінің молдасы Жәнібек Рапықұлы жамағатқа уақып бойынша насихат жүргізді.
Қазақ халқының тарихы – елдік пен ерліктің, бірлік пен беріктіктің шежіресі. Сол шежіреде жұртының намысын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған талай асыл тұлғалардың есімі алтын әріппен жазылған. Осындай ел тағдыры таразыға түскен сын сағаттарда халқының қорғаны бола білген батырлардың бірі, Абылай ханның сенімді серігі, атақты қолбасшы Қанжығалы Бөгенбай батыр. ХVII–XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы тұсында ол тек қылыш сермеп, қол бастап қана қойған жоқ, елдің еңсесін түсірмей, рухын тірілтті, бірлікке ұйыстырды.
Батырдың жүрегінде туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген адалдық бәрінен биік тұрды. Ол үшін жер, жай қоныс емес – аманат; халық тобыр емес – тағдырлас жұрт еді. Сондықтан Бөгенбай батырдың ерлігі – өткінші даңқ емес, ұрпаққа үлгі болар елдік сабақ-, деп әсерлі уағыз айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

