«Жиенбет Жексенбай» мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековтің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының берекесін насихаттауға бағытталған тағылымды кездесу өтті. «Рамазан – берекет айы» атты игі бастама аясында «Рамазан шашуы» айдарымен жастар арасында тарауих намазының мол сауаптары туралы мазмұнды әңгіме жүргізілді.
Шара барысында жастарға тарауих намазының маңызы түсіндіріліп, Рамазан айын барынша пайдалы өткізуге, құлшылыққа ынта танытуға шақырылды. Мұндай рухани кездесулер жас буынның имандылыққа бет бұрып, ұлттық және діни құндылықтарды терең түсінуіне үлкен ықпал етеді.
Аталған іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында ұйымдастырылып, жамағат пен жастарға тағылымды ой салған мазмұнды басқосу болды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.


13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

