Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылы «Күнту ата» мешітінің молдасы Көшеков Қанатжанның қатысуымен мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Жақсылық жарысы» атты қайырымдылық іс-шарасы жүзеге асырылды.
Нәтижесінде ауылдағы жағдайы төмен 5 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түліктермен көмек көрсетілді. Әрбір оқушы қайырымдылыққа толық қатысып, қайырлы іске куә болып, қасиетті айда, сауаптар еселенетін айда сауапты іске үлес қосты.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

