Рамазан айында азық-түлік екі есеге арзандайды

Рамазан айында азық-түлік екі есеге арзандайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ-де қасиетті Рамазан айында азық-түлік бағасы екі  есеге дейін арзандайтын болды. 

БАӘ экономика министрлігінің хабарлауынша күріш, май, кофе және маталарға баға 20 пайызға төмендейді, қалған негізгі азық-түліктердің бағасы Рамазан айында 50 пайызға дейін арзандамақ.

Ел астанасы Әбу-Даби қаласының муниципалитеті өткен аптада дүкендердегі азық-түліктердің жүзге жуық түрінің бағасын 2016 жылғы 6 маусымнан 5 шілдеге дейін төмендету туралы шешім қабылдаған.

Бұл мұсылман елі болғандықтан Рамазан айында көпшіліктің көзінше  күндіз тамақтануға, су ішуге болмайды. Сонымен бірге қоғамдық орындарда темекі шегуге, сағыз шайнауға және ашық-шашық киінуге тыйым салынған.  

e-islam

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: