Қордай: Дін мен дәстүр сабақтастығының көрінісі орын алды

Қордай: Дін мен дәстүр сабақтастығының көрінісі орын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман шариғатында адамдардың еркіне қалдырылған мубах, яғни рұқсат етілген істер бар. Мысалы, той өткізу, мейрамдарды атап өту, түрлі салт-жоралғылар әр халықта әртүрлі болуы мүмкін.

Олардың барлығын шариғатқа сай келмейді деп айту дұрыс емес. Керісінше, бұл – әрбір мұсылман халықтың ғұламаларының қадағалауымен, олардың құптауымен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер. Сондықтан ұлттық ерекшеліктер мен тілдік айырмашылықтарға қарсы шығып, барлығын бір ғана үлгіге түсіруге тырысу – дұрыс түсінік емес.

Өйткені адамзаттың ұлт-ұлысқа бөлінуі – Жаратушының жаратылысына бекіткен заңдылығы. Ал мұндай табиғи қағидаларға қарсы шығу – үстірт түсініктің көрінісі. Осы орайда Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылындағы «Жаңатұрмыс» мешітінің имамы Нұртуған Өмірзақов ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған «Құрылтай тай жарысына» қатысып, дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттады.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: