15 000 жетімге қамқор болған жанды танимыз ба?

15 000 жетімге қамқор болған жанды танимыз ба?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кувейттік Абдурахман ас-Самит есімді азамат Африка құрлығында 29 жыл бойы Исламды насихаттаған. Нәтижесінде:

- 11 млн. адам мұсылман болған.

- 5700 мешіт салған.
- Африкада 9500 судың көзін ашқан.
- 15000 жетімге қамқор болған.
- 860 медресе, 4 университет және 204 медицина орталығын салған.

Бір қызығы әлемдегі мұсылмандар осындай адам жайлы ештеңе білмейді. Бірақ, мұсылмандар Роналдо, Месси, Амр Диаб секілді адамдардың кім екенін жатқа біледі. Осындай ақымақтардан басқаны танымайтындай мұсылман үмбетіне не болған?

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ:

Абдурахман ас-Самит «Африка мұсылмандары кеңесінің» басшысы қызметін атқарған. Ол 1947 жылы Кувейтте туылған. Онда «Көмек көрсету одағын» құрған. Сонымен қатар 1976 жылы АҚШ пен Канадада «Мұсылман дәрігерлер одағының» негізін қалады. Өмірінің 90 пайызын Африка елінде мұқтаж жандарға көмек көрсетумен айналысқан. Отанына (Кувейтке) тек емделу үшін немесе маңызды шаруа туындаған да ғана қайтатын болған.
Ол жасының ұлғаюына байланысты денсаулығы біршама төмендегеніне қарамастанкөмек көрсету жұмысын жүргізуді тоқтатқан емес. 
«Алдыңа келдім Африка», «Африка жасы», «Ұлыма өсиет» атты кітаптардың авторы.
Абдурахман ас-Самит 2013 жылы 15 тамызды дүниеден өткен.

e-islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: