Жуалы: "Қайрат" мешітінде ауызашар берілді

Жуалы: "Қайрат" мешітінде ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Қайрат ауылдық «Қайрат» мешітінің асханасында 1965 жылғы азаматтардың ұйымдастыруымен жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды. Рамазан айының берекесін сезіндірген игі шараға ауыл тұрғындары, ақсақалдар мен жастар қатысып, қасиетті айдың сауабынан үміт етті.

Ауызашар барысында мешіт молдасы Саурамбек Бегәділұлы жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, қайырымдылықтың маңызы туралы насихат айтып, ҚМДБ-ның «Дін және дәстүр» бағыты аясында отбасы құндылықтары жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті. Ол өз сөзінде ата-баба дәстүрін дәріптеу, отбасындағы сыйластық пен бірлік қоғамның тұрақтылығына негіз болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, насихат барысында үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, ата-анаға құрмет көрсету секілді ұлттық тәрбиенің асыл қағидалары тілге тиек етілді. Рамазан айында жасалған әрбір сауапты істің берекесі мол болатыны айтылып, жамағатты ізгі амалдарды көбейтуге шақырды.

Шара соңында жамағат ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды. Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, қайырымдылық пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға сеп болуда.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: