Иран күнтізбесі бойынша көктемнің екінші ордибехешт «жұмақ сияқты» айында (21 сәуір-21 мамыр) жер шары шын мәнінде жұмақ сияқты әдемі болып жайқала түседі.
Көктемдегі гүлдену айында Кашан облысының қалалары жұпарға тола түседі. Гамсара, Ниясара, Борзак тұрғындары, ірі және шағын ауылдар белсенді түрде гүл жинауға ат салысады. Бұл 700 жыл бұрыннан жалғасып келе жатқан раушаннан су өндіру дәстүрі .
Дамаск раушанын ақпан айының ортасында отырғызады, сөйтіп мамыр айының басында жинайды.
Содан кейін атақты раушан суын дайындау процесі басталады. Аталмыш шара «Бисмилляхи рахмани рахим» деп басталып, от жағылады. Суды дайындау кезінде ислами дұғалар айтылады.
hibatulla.kz