Шешенстанда бес күн Құран оқылады

Шешенстанда бес күн Құран оқылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шешенстанда 5 мамырдан бастап барлық мешіттерде бес күн бойы қасиетті Құран оқылады. Ал «Шешенстан жүрегі» мешітінде қасиетті Құран аяттары тәулік бойына үздіксіз оқылмақ.

Республика жыл сайын 10 мамырда аталып өтілетін Шешенстан халқын аза тұту мен еске алу күнін осындай игі шаралармен қарсы алмақ.

Осы күндері Шешенстанның барлық өңірінде атаулы датаға орай кездесулер, дөңгелек үстелдер, ерлік тақырыбындағы дәрістер, білім мекемелерінде тәрбие сағаттары, сондай-ақ діни рәсімдер де ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Грозный-информ».

Айта кетейік, Еске алу және аза тұту күні Шешенстанда ел басшысы Рамзан Қадыровтың жарлығымен 2011 жылдан бері аталып келеді және бұл күн шешен халқы тарихындағы қасіретті уақиғаларға арналады. 

e-islam

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: