Палестинада жылжымалы асхана ашылды

Палестинада жылжымалы асхана ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Палестинаның батыс жағалауында ашылған жылжымалы асхана қол жетімді бағада ас-тағамдар ұсынады.

Жылжымалы асхананы ашу бастамасын Израиль түрмесінде 8-9 жыл қамауда болған 43 жасар Халдун Баргути мен 35 жасар Әбдел Рахман Биби көтерген, деп жазады Al Jazeera басылымы.  

«Біз қоғамға масыл болғымыз келмейді. Осы кәсібіміз халыққа пайда әкелсе деп ниет еттік» дейді кәсіпкерлер.

Көңілге жайлы әсер қалдыратын түрлі-түсті бояумен әрленген асхана дүңгіршегінде шаурма, гамбургер, хот-дог, фри және т.б.тез даярланатын тағамдар бар. Асхана көлігінде күннен қуатталатын батареялар тоңазытқыш пен желдеткіштерді тоқпен қамтамасыз етеді.

Айта кетсек, бұл кәсіпкерлер Палестина билігі тарапынан рұқсат берілген алғашқы азаматтар болып отыр.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: