Жуалы: Көреалмаушылықтың зияны мен зардабы туралы уағыз-насихат жүргізді

Жуалы: Көреалмаушылықтың зияны мен зардабы туралы уағыз-насихат жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданына қарасты Қайрат ауылдық мешітінде жұма уағызы барысында мешіт молдасы Саурамбек Бегәділұлы жамағатқа «Көреалмаушылықтың зияны мен зардабы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Уағыз барысында молда көреалмаушылық пен қызғаныштың адам баласының рухани өміріне тигізер кері әсері туралы кеңінен сөз қозғап, бұл қасиеттердің қоғамдағы алауыздыққа, адамдар арасындағы татулықтың бұзылуына себеп болатынын атап өтті. Сондай-ақ, ислам дінінде бір-біріне жақсылық тілеу, сабыр сақтау, қанағатшыл болу сынды асыл қасиеттердің маңыздылығына тоқталды.

Жұма уағызында жамағатты бауырмалдыққа, кешірімділікке, өзара сыйластық пен ынтымақты сақтауға шақырып, мұндай рухани дерттерден арылудың жолдары Құран аяттары мен хадистер арқылы түсіндірілді. Шара соңында елдің амандығы мен жұрттың бірлігі үшін дұға жасалды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: