Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында Мишель Обама АҚШ-тың спортшыларымен кездесті. Олардың арасында Америка құрама штаттарының бірінші олимпиадалық семсерлесуші - шариғат шәлісін жамылған Ибтихадж Мұхаммед те болды. АҚШ-тың бірінші ханымы мұсылман қызбен тілдесіп, оның жеңісін тіледі. Сондай-ақ, Ибтихадж Мұхаммед президенттің жарына ойыншық қылыштың көмегімен семсерлесуден дәріс жүргізді.
Іс-шара соңында Ибтихадж журналистердің сұрақтарына жауап берді және Исламфобиямен күресуге шақырды.
hibatulla.kz


13 Қаңтар 2026
24 Раджаб 1447

