Қасқабұлақ ауылында ауданымыздың дін істері басқармасының инспекторы Ризат мырза, ауылдық учаскелік полиция қызметкерлері және ауыл имамы Асанов Хеурзаның қатысуымен "Радикалды діни көзқарастың зардабы" тақырыбында маңызды жиын өтті.
Жиында қоғамның алар орны ерекше саналатын имам мен тәртіп сақшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары бір ауыздан радикалды ағымдардың зиянды екенін айтып, жастарды адасудан сақтандырды.
Діни ағымдардан сақтанудың жолы асыл дініміз бен салт-санамызды мықты ұстануда деп түйінделді. Ауыл жастары да бұл сөздерді зор ықыласпен тыңдап, ақпараттық насихат шараларынан үлкен әсер алды.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.


22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

