Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай дін мен дәстүрдің өзара байланысы жөнінде мазмұнды ойларымен бөлісті. Ол өз сөзінде ислам дінінің қазақ халқының салт-дәстүрімен біте қайнасып, ұлттың рухани өзегіне айналғанын атап өтті.
Қасиетті жұма намазда болған уағызда бас имам, ата-бабадан келе жатқан ізгі дәстүрлер — имандылыққа, адамгершілікке, сыйластық пен бірлікке үндейді. Сондай-ақ ол жат ағымдардан сақ болып, дін мен дәстүрді қатар ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
Жамағат имамға алғыстарын айтып, намазда бір сап түзеді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



30 Сәуір 2026
13 Зуль-каада 1447

