Жетімнің басынан бір сипағанда алақаныңызға қанша шашы тисе сонша сауап жазылады.
Дана халқымыз:« Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген. Ортасындағы жетім – жесірлерін ауқатты жандар қанатының астына паналатқан. Құран Кәрімде: «(Ей Мұхаммед!) Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Оларды түзелткен жақсы (яғни, жетімдерді тәрбиелеп өсірген жақсы, жетімнің әкесінен қалған мал-мүлкін қорғап, бағып берген жақсы). (әкесіз қалған бейшара жетімдердің мүддесіне бола) олармен араласып (өмір сүріңдер) жасаңдар. Олар сендердің діндес туыстарың. Алла бұзушыны түзеушіден айырып біледі…»,- деген.
Жетім деп, діни тұрғыда әкесі қайтыс болған баланы атайды. Әкесі бар, анасы болмаса жетім болып есептелінбейді. Ал жануарларда керісінше, шешесінен айырылған жануар жетім. Сондықтан да, мақал-мәтелдерде «әкесіз жетім жарым жетім, анасыз жетім нағыз жетім» -деген.
Қай қоғамда жетім – жесірінің көңіліне қараса, жағдайларынан хабар алса, ол жер көгереді, өседі, өнеді. Жетімнің және Алла тағаланың ортасында перде болмайды. Бұл деген сөз, олардың дұға – тілегі кәміл қабыл болған дұғалардан.
hibatulla.kz