ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЫСЫРДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЫСЫРДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Каир қаласында Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жеңісұлымен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Мысыр мемлекеттері арасындағы тарихи-рухани байланыстардың қазіргі жай-күйі, дін саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ Мысырда білім алып жатқан қазақстандық жастармен жұмыс бағыты сөз болды.

Бас мүфти шетелде білім алып жүрген жастардың рухани тұтастығын сақтау, діни танымының орнықты болуы және елдік санаға берік болып қалыптасуына ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы Асқар Жеңісұлына және елшілік ұжымына көрсетіп отырған қолдаулары үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстың жалғасын табатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде елші Асқар Жеңісұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен әріптестік байланыстарды нығайтуға әрдайым дайын екенін жеткізіп, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.









 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: