Германияның Бад-Гарцбург қалалық кітапханасында жыл сайын өтетін жарыста сегіз жасар сириялық Ахмад Хазани есімді балақай екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды.
«Оқу шебері» конкурсын жергілікті қала әкімшілігі он жылдан бері өткізіп келеді. Әр бала белгіленген үш ай мерзім ішінде 10 кітапты оқып, соңынан сайыста кітаптардың мазмұны бойынша барлық сұрақтарға мүдірмей жауап беруі тиіс.
Жеңімпаз баланың әкесі, ақпараттық технологиялар жөніндегі инженер ұлының ұзақ уақыт неміс тіліне үйренісе алмай жүргенін уайымдағанын жеткізді. Алайда, Ахмад бірнеше айда неміс тілінде оқып, сөйлеуді меңгеріп шығады. Енді оқу сауаттылығы мен техникасы бойынша дарынды бала Германияда туып-өскен қатарластарын таң қалдырумен келеді.


13 Қаңтар 2026
24 Раджаб 1447

