Осы аптаның сәрсенбісінде (13.04.2016 ж.) Әл-Әзһардың шейхы жоктор Ахмад Ат-Тойиб Құранды көркем оқудан сайыс болатынын хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыстың бастапқы талабы – Құранды қатесіз әрі көркем оқу.
Жоспар бойынша қарилар сайысы қасиетті Рамазанда мәресіне жетуі тиіс. Қорытынды жиынға Әл-Әзһар университетінің шейхтері мен өзге де ғалымдар қатысады.
Қазірдің өзінде сайысқа қатысудың талаптары жария етілді әрі талапкерлердің өтініштері мухаррам айының соңына дейін қабылданады.
qari.kz


13 Қаңтар 2026
24 Раджаб 1447

