Жүректерді сүйсіндірген азан. (ВИДЕО)

Жүректерді сүйсіндірген азан. (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Азан – сөз­дік­те «ха­бар бе­ру, біл­ді­ру» ма­ғы­на­сын біл­ді­ре­ді. Тер­мин­ге сал­сақ: па­рыз на­маз­дар­дың уа­қыт­та­рын біл­ді­ре­тін ар­найы айты­ла­тын сөз­дер. Па­рыз на­маз­да­ры үшін оқы­ла­тын азан Құ­ран мен сүн­нет ар­қы­лы бел­гі­лен­ген. Ис­лам­ның әуе­лін­де дәл қа­зір­гі­дей азан оқыл­май­тын. Тек қа­на «әс-са­ла­та, әс-са­ла­та» (на­маз­ға, на­маз­ға), не­ме­се «әс-Са­ла­тул-жа­ми'аһ» (на­маз адам­дар­ды бі­рік­ті­ру­ші) се­кіл­ді сөз­дер­мен біл­ді­рі­ле­тін. Кейін­нен һиж­рет­тің ал­ғаш­қы жыл­да­рын­да Мә­ди­на­да Пай­ғам­бар ме­ші­ті са­лы­нып біт­кен кез­де, са­ха­ба­лар жи­на­лып, Пай­ғам­ба­ры­мыз­бен (с.а.у.) бір­ге жа­ма­ғат бо­лып, на­маз оқи бас­та­ды. Мі­не, сол уа­қыт­та Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) на­маз уа­қыт­та­ры­ның жа­рияла­нуы жайын­да са­ха­ба­лар­мен мә­жі­ліс өт­кіз­ді. Кей­бір са­ха­ба­лар тү­сін­де көр­ген азан оқы­луын ай­тып, бұл да уахи­мен қуат­та­лып, бү­гін­гі кез­де­гі азан тү­рі пайда бол­ды.

Ер­лер үшін азан – мүәк­кад сүн­нет. Алла Та­ға­ла Құ­ран Кә­рім­де: «На­маз­ға (азан) ша­қыр­ған уа­қыт­та­рың­да олар ойын­ға ай­нал­ды­рып ке­ле­ке ете­ді. Бұл олар­дың шы­найы түр­де тү­сін­бей­тін ха­лық бол­ған­дық­та­ры­нан»«Ей, иман ет­кен­дер! Жұ­ма кү­ні на­маз үшін азан ай­тыл­ған кез­де де­реу Аллаһ­ты ес­ке алу­ға (на­маз­ға) ұм­ты­лың­дар жә­не сауда-сат­тық­ты тоқ­та­тың­дар» – дейді.

Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.): «На­маз уақы­ты кір­ген кез­де ара­ла­рың­нан бі­реу азан оқып, жа­сы үл­ке­ні имам бол­сын» – дейді.

Азан­ның оқылуы:

أللهُ اكبر, اللهُ اكبر, اللهُ اكبر, اللهُ اكبر,

اَشْهَدُ اَنْ لآ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ , اَشْهَدُ اَنْ لآ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ,

اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ الَّلهِ , اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ الَّلهِ ,

حَيَّ عَلَى الصَّلوةِ , حَيَّ عَلَى الصَّلوةِ,

حَيَّ عَلَى الْفَلاح ِ, حَيَّ عَلَى الْفَلاحِ,

اللهُ اكبر, اللهُ اكبر

لآ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ.

Аллаһу әк­бар

Аллаһу әк­бар

Аллаһу әк­бар

Аллаһу әк­бар

Әшһә­ду әл-ләә илә­һә ил-лАллаһ,

Әшһә­ду әл-ләә илә­һә ил-лАллаһ,

Әшһә­ду ән­нә Му­хам­мә­дәр-Ра­су­лул­лаһ,

Әшһә­ду ән­нә Му­хам­мә­дәр-Ра­су­лул­лаһ,

Хаййә 'алас-Са­ләһ, Хаййә 'аләс-Са­ләһ

Хаййә 'аләл-Фә­ләх, Хаййә 'аләл-Фә­ләх

Аллаһу әк­бар,

Аллаһу әк­бар,

Ләә илә­һә ил-лАллаһ.

Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сы:

Аллаһ аса ұлы, аса ұлы

Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ еке­ні­не куә­лік ете­мін.

Мұ­хам­мед­тің Аллаһ­тың Ел­ші­сі еке­ні­не куә­лік ете­мін.

На­маз­ға (жан ра­қа­ты­на) асық.

Азат­тық­қа, мәң­гі­лік ба­қыт­қа же­ту­ге асық.

Аллаһ аса ұлы, аса ас­қақ

Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ.

Бам­дат на­ма­зын­да екі рет «Хаййә 'аләл-Фә­ләх» де­ген­нен кейін, екі рет «әс-са­ла­ту хай­рун мин­нән-нәум» (ұйқы­дан на­маз жақ­сы) сөз­де­рі қо­сы­лып айты­ла­ды.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: