Испания министрлігі ислам пәндерін бекітті

Испания министрлігі ислам пәндерін бекітті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Испан үкіметі экстремизмге қарсы күрес мақсатында елдегі барлық мемлекеттік білім мекемелерінде діни білім беруге мүмкіндік жасады.

Гейтстоун институты деректеріне сүйенсек, Испания Конституциясының 1978 жылғы 27.3 бабында «мемлекет ата-аналарға өз балалары үшін діни білім алуына құқылы» делінген. Сондай-ақ, сол уақыттан бері ел үкіметі мен мұсылман халқы арасында  бірқатар келісіссөздер жүргізілді.

Испания Ислам комиссиясы әзірлеген мектепке дейінгі, бастауыш және орта мектепте ислам пәнін оқыту нормативтік пакетін  Білім министрлігі бекітіп, 18 наурыз күні жарияланды. Енді оқушылар мен студенттер қалауларына қарай діни білім алуына болады. Ал мұсылман қауымдастығына пән мұғалімдері мен оқу құралдарын таңдау құқығы беріледі.

ummet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: