АҚШ-та «Ислам апталығы» өтуде

АҚШ-та «Ислам апталығы» өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мэриленд штаты университетінде «Ислам апталығы» өтуде, деп жазады Fox21online басылымы.

Акция аясында мұсылман студенттер ниет білдіруші барша азаматтарды ислам дінімен – оның тарихы мен дәстүрімен таныстырады.

Апталықтың алғашқы шарасы мұсылман қыз-келіншектерінің киім-кешектеріне арналды. Бұл күні кез келген қонақ мұсылман киімдерін өздеріне өлшеп, киіп көрулеріне мүмкіндік болды.

«Адамдарға біздің салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз жайында жақынырақ танысуларына мүмкіндік тудыруды ойладық. Бұл шара қоғамға ислам діні мен мұсылмандар туралы БАҚ беттеріндегі сияқты теріс емес, дұрыс ақпаратты жеткізуге жол ашады» дейді Мэриленд университеті Мұсылман студенттері ассоциациясының вице-президенті Хатим Кадри. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: