«Америкалық шариғат» фильмі жарық көрді

«Америкалық шариғат» фильмі жарық көрді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ-та «Америкалық шариғат» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті. Туындының авторы әрі режиссері – бірқатар фильмдер түсірілімін, оның ішінде «Час Пик» фильмінде Крис Такердің дублерін жасаған Омар Реган.

«Америкалық шариғат» желісі полицей болып қызмет істейтін Мо есімді мұсылман туралы өрбиді. Фильмдегі ең ерекше тұс – құлшылыққа қатысты. Онда намаз көріністері бірнеше рет беріліп, әртүрлі жағдайларда фильм кейіпкеріне оны оқитын орын табу оңайға түспейтіні көрсетіледі. Америкалық мұсылман полицей қызмет кезінде көптеген кедергілерге тап болады.

Кейіпкер Моның өмірі қиыншылықтарға кезіге береді. Мәселен, күдіктілердің бірінің ізіне түскенде сәтсіздікке ұрынады. Осы қиындықтардан құтылу үшін ол құлшылық арқылы дұға етуді жөн санайды.

Ал Моның қызметтегі жаңа серіктесі Баба Али көпшіліктің ықыласына, тіптен, жұмыс орнында еш қысылмастан құлшылық ете отырып, ие болады. Жалпы, фильм сюжеті мұсылманға шынайы өмірде кезігетін кедергілер мен сынақтардан құралған. Оның кейбірі әр мұсылманның өзіне ғана мәлім жайттар болса, кейбірі күн сайын газет бетінде – саясаттағы жемқорлық, мұсылмандардың ауызбіршілігінің болмауы, барлық мұсылмандарды террористерге теңеу әрекеттері, т.б.

Фильмдегі басты рөлдердің бірін белгілі голливудтық актер Эрик Робертс – Джулия Робертсің ағасы сомдайды. Ол әр уақыт мұсылмандарды аңдып, балағаттаушы исламофоб-полицей рөлін орындайды. 

e-islam

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: