Қазақстан мұсылман туризмі рейтингіне енді

Қазақстан мұсылман туризмі рейтингіне енді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ТМД елдері ішінде Қазақстан мұсылман туристерінің таңдауындағы ел қатарында, Иран (15) мен Мысыр (17) аралығында 16 орынға қосылды.

Халал туристік өндірісті зерттеуші Crescentrating  агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан мұсылман туристерінің қызығушылығын тудырып, осы сала бойынша ТМД-ның өзге елдерінен көш ілгері шықты.

Рейтингтің бірінші орнында Малайзия тұр, онан кейін Біріккен араб әмірлігі мен Түркия елдері бар. ТМД кеңістігінде Қазақстанның көрсеткіші жоғары, 16 орын.

Халал – мұсылман халқы үшін ішіп-жеуге, пайдалануға рұқсат етілген зат, өнімдер. Оның дұрыстығы арнайы сертификат беруге және стандарт енгізуге құзыры бар мекеме арқылы расталады.

Зерттеу орталығы жүргізген рейтинг сараптамасында 130 елдің мұсылмандарға халал асқа қол жеткізу мүмкіндіктері, әуежайлардағы құлшылық бөлмелерінің болуы, қауіпсіздік пен виза алудағы жеңілдіктер секілді өлшемдерге мән берілген. 

e-islam

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: